Билік

Депутаттар Үкіметке жаңа ипотекалық бағдарлама ұсынды

Оны Отбасы банкі арқылы да іске асыруға болады

Мәжіліс депутаттары Қазақстанда жұмысшы мамандықтарға арналған жаңа ипотекалық бағдарламаны енгізуді ұсынды.

Депутат Никита Шаталовтың айтуынша, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру үшін білім гранттары мен стипендияны көтеру қажет. Ал еңбек нарығына шыққан мамандар үшін жаңа ипотекалық бағдарламаны ұсынуға болады.

Мәжілісменнің ойынша, жаңа ипотека болмаса, қазіргі ипотекалық бағдарламаларды да жұмысшы мамандықтарға бейімдеуге болады.

AMANAT фракциясының депутаттары премьер-министрге сауал жолдап, осы мәселені қарастыруды сұрады.