Өзбекстанда кедейлікпен күреспеген 300-ге жуық шенеунік жұмыстан қуылды

Өзбекстанда кедейлікпен күреспеген 300-ге жуық шенеунік жұмыстан қуылды dzen.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 17 желтоқсан, 2024

Басшы біздің азаматтар мен кәсіпкерлердің мәселесін шешуге кіріспесе, жұмыс істей алмайды, - деді Мирзиёев

Өзбекстанда жұмысқа жауапсыздығы мен салғырттығы үшін шаруашылық кешенінің 297 басшысы жұмыстан босатылды, деп хабарлады Gazeta.uz.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев олардың орнына заманауи ойлау қабілеті бар жас мамандар келетінін айтты. Ол кейбір шенеуніктің махаллалардағы (ауылдар мен аудандар) кедейлікті азайтуға шындап кіріспейтінін жеткізді. 

Қатаң ескертемін: егер басшы махаллаға барып, біздің азаматтар мен кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге кіріспесе, ол жұмыс істей алмайды. Барлығы өзгеруі керек. Әлемдегі саяси және экономикалық жағдайдың сәт өткен сайын күрделеніп, жаңа қауіп-қатерлердің туындап жатқанын көріп отырсыздар, – деді президент. 

Оның айтуынша, басшылар «бұл уақытша, бір-екі жылдан кейін бәрі өтеді» деген оймен өмір сүріп жатыр.

Бірақ олардың орнын жаңа тәсілдерді енгізуге және халықтың сұранысын қанағаттандыруға дайын заманауи ойлау қабілеті бар жас мамандар басып жатыр. Өзбекстанда 2025 жылға дейін 1,5 миллион адам кедейліктен құтылуы керек, – деді Шавкат Мирзиёев.