Mango брендінің негізін қалаушы Испанияда қаза тапты
Тауда онымен бірге әйелі және ұлы Джонатан болған
Mango киім дүкендері желісі мен компаниясының негізін қалаушы Исак Андик Испаниядағы демалыс кезінде қаза тапты. Ол 72 жаста еді, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Mango компаниясына сілтеме жасап.
Андиктің қайтыс болғаны туралы ақпарат компания сайтына жарияланды.
Испаниялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасаған РБК сайты Андиктің Каталонияда, Барселона маңында қаза тапқанын хабарлады. Тілшілердің мәліметінше, кәсіпкер Монтсеррат монастырына барар жолда орналасқан Сальнитре үңгірінің жанындағы шатқалға құлаған. Тауда онымен бірге әйелі және ұлы Джонатан болған.
Жақындары Андиктің жағдайын төтенше қызмет өкілдеріне 14 желтоқсанда шамамен 12:30-да хабарлаған. Оқиға орнына бірден медициналық тікұшақ пен жедел жәрдем көлігі жіберілген. Алайда медицина қызметкерлері кәсіпкердің өлімін тіркеген.