Астанада байлар мен кедейлер арасындағы табыс алшақтығы күрт өсті
Мұндағы табыс алшақтығы соңғы 15 жылдан бері ең жоғары деңгейге көтерілген
Биыл III тоқсанның қорытындысы бойынша Астанадағы ең бай 10% үй шаруашылықтарының орташа айлық табысы ең кедей 10% үй шаруашылықтарының табысынан 7,4 есе көп болды. Ол – сәйкесінше 64,3 млрд теңге және 8,7 млрд теңге, деп хабарлады DATA HUB.
Еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда, Астанада байлар мен кедейлер арасындағы табыс алшақтығы орасан. Алматыда бұл айырмашылық 6,5 есені қамтыса, Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш 6,3 есеге тең. Ал Шымкентте (3,2 есе) және Маңғыстау облысында (2,5 есе) табыс теңсіздігі ең төмен.
Бұл деректер Астанадағы әлеуметтік теңсіздіктің артуын, қоғамдағы табыс бөлінісіндегі теңсіздік мәселесін айқын көрсетеді.