Табыс

Илон Маск тарихта 400 млрд доллары бар алғашқы адам атанды

Трамптың сайлаудағы жеңісі әлемнің ең бай адамдарына дәулетін одан сайын арттыруға көмектесті

Илон Маск тарихта дәулеті 400 млрд долларға жеткен алғашқы адам атанды, деп хабарлады Bloomberg.

Оның дәулеті АҚШ-тағы президент сайлауынан кейін едәуір артқан. Басылымның мәліметінше, Илон Масктың дәулеті тарихта алғаш рет 400 млрд доллардан асып отыр. Миллиардер байлығының көбеюуіне оның SpaceX акцияларын саудаға шығаруы себеп болған. Содан кейін компания бағасы 350 миллиард доллар деп есептеліп, әлемдегі ең қымбат стартапқа айналды.

Мәліметтерге қарағанда, оның дәулеті Дональд Трамп АҚШ президентінің сайлауында жеңіске жеткеннен кейін 66 пайыз артқан. Себебі Илон Маск – жаңа сайланған президенттің саяси демеушісі әрі жақтасы. Оның жаңа президент әкімшілігінен маңызды қызметке тағайындалуы да дәулетін өсіре түскен.

Илон Маск алғаш рет әлемнің ең дәулетті адамдарының рейтингін 2022 жылы бастаған. Былтыр Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы, сонымен бірге X әлеуметтік желісінің қожайыны ретінде «әлемдегі ең бай адам» атағын қайтарып алды. Сондай-ақ биыл қарашада Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі әлемнің ең бай адамдарына дәулетін одан сайын арттыруға көмектесті. Илон Маск, Джефф Безос және басқа да кәсіпкерлердің дәулеті миллиардтаған долларға өсті.