Еліміздегі ақбөкендер саны 4 миллионнан асты
2024 жылға дейін оларды атуға тыйым салынған болатын
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстанда ақбөкен саны 4 миллионнан асқанын жария етті.
Мамандардың айтуынша, ақбөкендерді мониторинг жасау арқылы санауға болады. Бірақ ол өте қымбат, 4 миллиард 900 миллион теңге қажет. Ал әуе арқылы есепке алуға 350 миллион теңге жұмсалады.
Еске сала кетсек, саны азайған киіктер бір кездері жойылып кетудің алдында болған. Сондықтан Қазақстанда 2024 жылға дейін ақбөкендерді атуға тыйым салынған еді. Былтыр олардың көбеюіне байланысты сол мораторий алынып тасталды.