Сөре

Шетелге 900 теңгеден сатылып жатқан құс еті өзімізде қымбат - Әлихан Смайылов

Елде шығарылатын құс етінің 1 келісі бөлшек саудада – 1 400 теңге

Жоғары аудиторлық палата құс шаруашылығына бөлінетін субсидия тиімсіз жұмсалатынын мәлімдеді. Себебі қазақстандықтар өз елімізде шығарылатын құс етін қымбатқа сатып алады. Ал экспортқа тура сол өнім төмен бағамен шығарылады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Палата төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, өзімізде шығарылатын құс етінің көтерме бағасы ішкі нарықта 1 келісі үшін 1 200 теңгені қамтиды. Ал бөлшек саудада – 1 400 теңге.