Былтыр қазақстандық банктер 700 млрд теңгеден аса салық төлеген

Былтыр қазақстандық банктер 700 млрд теңгеден аса салық төлеген ашық дереккөз
bai-bol.kz bai-bol.kz | 11 желтоқсан, 2024

Олардың ішінде ең ірі салық төлеуші Kaspi.kz fintech болды

Қазақстандағы 300 банк негізгі салық төлеушілер тізіміне енген. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Банктердің өздері де, тиісті банк холдингінің еншілес ұйымдары да қаржы институтының құрылымына кіреді.

Қазақстанның барлық екінші деңгейлі банктері арасында былтыр ең ірі салық төлеуші Kaspi.kz fintech болды. 2023 жылдың соңында топтың салық шегерімдерінің сомасы 230 миллиард теңгеден асты. Айта кетсек, Kaspi.kz Қазақстанда жұмыс істейтін 11 еншілес ұйымды қамтиды.

Екінші орынды Halyk тобы – Халық банкі және оның еншілес ұйымдары иеленді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша салық сомасы 222 миллиард теңгеден асады. Қазақстандағы 10 еншілес ұйымы есепке алынды.

Kaspi.kz және Halyk төлеген салық – 450 миллиард теңге немесе елдің 12 ірі банкі төлеген барлық салықтың 64%-на тең.

Үздік үштікті ЦКБ тобы аяқтады. ЦентрКредит Банкі және 4 еншілес ұйымның салық сомасы – 64,6 млрд теңге.

Алғашқы бестікке «Отбасы банкі» (тәуелсіз ұйым, еншілес ұйымдары жоқ, 38,4 млрд теңге) және Еуразиялық банк тобы (37,8 млрд теңге) кірді.

«Отбасы Банкінен» бөлек, Citibank Kazakhstan, Bereke Bank және Altyn Bank-тің де (Қытай еншілес қаржы институты) еншілес компаниясы жоқ.

Осылайша, елдің банк секторы бюджетті миллиардтаған сомаға толықтырып және тұрақты түрде Қазақстан экономикасының негізгі донорларының бірі болып отыр.

Жалпы, Қазақстан Республикасы ЕДБ қызметі және олардың ел экономикасындағы рөлі жүйелі түрде артып келеді. Мәселен, 1 қазандағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банк активтерінің көлемі бір жыл ішінде 21,4% өсіп, 58,1 трлн теңгеге жеткен. Бесжылдық кезеңде активтер бірден 2,2 еседен асты.

Бұл ретте Қазақстан ЕДБ активтерінің елдің ЖІӨ-ге қатысы бір жылда 43,1%-дан 46,5%-ға дейін өсті.