Табыс

Қазақстан – халық табысының өсуі жағынан ЕАЭО елдері арасында соңғы орында

Бұл тізімде Беларусь мемлекеті көш бастап тұр

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қазақстандықтардың жалақысы ең жоғары болып шықты. Алайда елімізде шынайы жалақының тым баяу өсетіні белгілі болды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, 2024 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа айлық кесімді жалақысы 390 мың теңгеден сәл асқан. Былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда, көрсеткіш 11,3% артқан.

Бұл тізімде бізден кейінгі орынға Ресей жайғасты. Ал алғашқы үштікті Армения қорытындыласа, 4 және 5-орында Беларусь пен Қырғызстан тұр.

Сонымен, Қазақстанда биыл қаңтар-қыркүйек айлары аралығында орташа жалақы – 391 713 теңге, жылдағы өсім 11,8%-ға тең болып отыр.

Ал нақты жалақыға, яғни инфляцияны ескере отырып, халықтың табысының өсуіне келсек, Қазақстан – өкінішке қарай, соңғы орында. Өйткені нақты жалақы тым баяу өседі. Бұл тізімде Беларусь мемлекеті көш бастап тұр. Ресей 2-орында десек, 3-орынға Қырғыстан, 4-орынға Армения тұрақтады.