Билік

«Отбасы банктің» кейбір салымшыларына сыйақы берілмеуі мүмкін

Ұсыныс мемлекеттік органдармен бірге талқыланып жатыр

«Отбасы банк» АҚ кейбір салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеуді тоқтатуды ұсынып отыр.

Банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мемлекеттік сыйақы ылғи да болатынын атап өтті. Бірақ оны салымшылар арасында әділетті бөлу үшін жаңа өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Оның айтуынша, әзірге бұл ұсыныс қана. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, талқыланып жатыр. Үкімет келісім беріп, депутаттар мақұлдаса, бұл өзгеріс 2026 жылдан бастап күшіне енуі мүмкін.