Қазақстанда ең көп салық төлеген 10 жеке компания анықталды

Қазақстанда ең көп салық төлеген 10 жеке компания анықталды ашық дереккөз
bai-bol.kz bai-bol.kz | 10 желтоқсан, 2024

Мыс алыбы KAZ Minerals салық төлеушілер арасында 1-орынға жайғасты

Қазақстанда ең көп салық төлейтін 10 ірі жеке компания анықталды. Бұл туралы Forbes Kazakhstan хабарлады.

Олардың ішінде Qarmet АҚ 10-орыннан бірден 6-орынға көтерілді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының «мұрагері» 418,7 млрд теңге кіріспен 36,4 миллиард теңге салық төлеген. 2023 жылы компания 3,2 миллион тонна болат өндірсе, 2024 жылы бұл көрсеткішке 11 айдан аз уақытта жеткен. Ал 2028 жылға қарай Qarmet болат өндірісін жылына 5 миллион тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр.

Салық көлемі бойынша 9-орынға (38,4 миллиард теңге) RG Gold алтын өндіруші компаниясы жайғасты. Оның кен орындары – Ақмола облысындағы Новоднепровское, Солтүстік Райгородок және Оңтүстік Райгородок. Ең ірі салық төлеушілер рейтингінде ол 1 жылда 47-орыннан 24-орынға көтеріліп, кірісті 54 миллиард теңгеден 167,7 миллиард теңгеге дейін арттырған. RG Gold бенефициарлары – Болат Өтемұратов (Forbes Қазақстандағы ең бай бизнесмендер рейтингінде 6-орында тұр) және оның отбасы мүшелері.

Ал 8-орында – «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ. Оның құрамына Соколовский, Сарбайский, Качарский және Куржункульский карьерлері, Соколовская кеніші, Алексеевский доломит кеніші, байыту және түйіршіктер өндіру зауыттары, металл прокат зауыты және басқа да кәсіпорындары бар темір кені кәсіпорындары кіреді. Бұл активтердің барлығы 2023 жылы 386 миллиард теңге кіріс және 56 миллиард теңге шығын әкелген. Дегенмен бұл шығын кәсіпорынның мемлекет бюджетіне 42,8 миллиард теңге жіберуіне кедергі бомаған.

Ең ірі компаниялар тізімінде 5-ші және ірі салық төлеушілер арасында 7-орында – BI Group әзірлеушісі. Компанияның таза пайдасы – 96,6 миллиард теңге, ал төлеген салығы – 48,3 миллиард теңге. Холдинг әлемдегі ең ірі құрылыс компаниялары ENR 2023 Top-250 Global Contractors рейтингінде 173-орында.

Қазір компанияның қоржынында тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы жобалардың 76%-ы және мемлекеттің қатысуымен жасалған келісімшарттардың 24%-ы бар, – дейді сарапшылар.

Құрылтайшылары – Айдын Рахымбаев, Бауыржан Исабаев, Асхат Омаров және компания басшылығы.

Orbis Auto 630 миллиард теңге кіріс жинап, 63,4 миллиард теңге салық төлеген. Осылайша, компания алғашқы ондықта 6-орынды иеленді. Автосалонның Қазақстанның 12 қаласында 66 автоорталығы бар. Оларда 15 автокөлік бренді ұсынылған. Orbis Auto ағайынды Фаррух пен Сухраб Махмудовтарға тиесілі (екеуі де Forbes Kazakhstan рейтингінде ең бай бизнесмендер арасында 23-орында). Компания Алматы индустриалды паркінде толық циклді автомобиль зауытын салуды жоспарлап отыр.

«Каспий мұнай» АҚ 2023 жылы салық төлемдері бойынша 5-орынға шығып, мемлекеттік бюджетті 72,5 миллиард теңгеге толықтырды. 2023 жылы компанияның кірісі 186,4 миллиард теңге болған. «Каспий мұнай» көпқабатты Айранкөл (Атырау облысы) мұнай-газ кен орнын игеріп жатыр. Компанияның иесі – Joint Resources АҚ, соңғы бенефициар – Тимур Құлыбаев.

Жеке компаниялардың жалпы рейтингінде «Қазхром» 1,1 триллион теңге табыспен 4-орынға, ал 197 миллиард теңге таза табыспен 3-орынға жайғасқан. Компанияның салық көлемі – 97,4 миллиард теңге. «Қазхром» трансұлттық компаниясы – хром және марганец рудаларын барлаумен, өндірумен, байытумен, әртүрлі маркалы хром, марганец және кремний ферроқорытпаларын өндірумен айналысатын толық циклді компания. Оның түпкілікті иелері: Қаржы министрлігі – 40%, Ибрагимовтар отбасы (Forbes Kazakhstan журналының ең бай бизнесмендер рейтингінде 7-орында), Александр Машкевич – 20,7%, Патох Шодиев – 18,6%.

«Қазхромнан» бір саты жоғары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тұр. Бұл компанияның табысы – 109,7 миллиард теңге, кірісі – 1,3 триллион теңге. «Қазақмыс» мыс, алтын, күміс, қорғасын және селен өндіріп, көмір шахталары мен байыту фабрикаларына иелік етеді. Бір жылда ол 100,5 миллиард теңге салық төлеген. Бірақ бұл сома Қазақстандағы барлық 75 ірі жеке компанияның жалпы салықтарының 6%-ын ғана қамтиды. 2023 жылғы қаржылық есеп бойынша, корпорацияның 70 пайызы Владимир Кимге, 30 пайызы Эдуард Огайға тиесілі.

«Астана Моторс» 2023 жылы салық төлеушілер арасында 2-орынды иеленді (жалпы рейтингте 4-орында). Компания автомобильдерді таратудан, қызмет көрсетуден және өндіруден пайда табады. Astana Motors-тың негізгі акционері – Нұрлан Смағұлов (Forbes Kazakhstan журналындағы ең бай бизнесмендер рейтингінде 8-орында).

Мыс алыбы KAZ Minerals салық төлеушілер арасында 1-орынға жайғасты. Ол компания мемлекет қазынасына 466,6 миллиард теңге салық төлеген. Оның жылдағы табысы – 1,8 триллион теңге, таза пайдасы – 406,8 миллиард теңге. Бұл пайда көздері Қазақстандағы мыс кеніштері (Бозшакөл және Ақтоғай) және Қырғызстанның Бозымчак алтын-мыс кенішінен келеді. 2023 жылдың соңында оның ірі акционерлері Владимир Ким (Forbes Kazakhstan-ның ең бай бизнесмендер рейтингінде 4-орында) және Олег Новачук (34-орында) болды.