Сөре

Шымкентте сиыр еті қымбаттап жатыр

Мал союға барғанда, иелері 2 600 теңгеден бермейді, - дейді ет сатушы

Шымкентте сиыр етінің 1 келісі орташа есеппен алғанда 2 500 теңге тұрады. Ол базарда 3 мың теңгеден сатылады. Ал жылқының жұмсақ еті 3 800-4 000 теңгеден болса, қазы – 4 500 теңге, деп хабарлады Otyrar.kz.

Басылым мәліметінше, қалада сиыр еті қымбаттап жатыр. Бір ай бұрын сүйекті еті 2 500 теңге тұрса, қазір 3 мың теңгеге жеткен. Ал ет сатушылардың сөзіне сенсек, бүгінде онда тұтынушылар аз көрінеді. Олардың бірі мұны бағаның шарықтауымен түсіндірсе, екіншісі халық арасында жіліктеп қана алатындар көбірек екенін айтып отыр.

Осылайша, қазір Шымкентте сиыр етінің бағасы жылқы етімен теңесуге жақын. Сатушылар да, тұтынушылар да мұны уақытша құбылыс деп есептейді.