Билік

Бірыңғай мемлекеттік алимент қорын құру идеясы Үкіметтен қолдау таппады

Ол ажырасудың өсуіне, ата-аналық міндеттемелерден жалтаруға әкеп соғады

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттің қазірдің өзінде кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғап, әлеуметтік көмек беру бойынша шаралар қабылдап жатқанын түсіндірді. Сонымен бірге балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы және міндеті екенін жеткізді.

Оның айтуынша, шетелдік тәжірибені талдау мұндай құрылымды құру үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді, яғни қорды басқарудың арнайы құрылымын қалыптастыруды, қосымша штаттық бірліктерді бөлуді қажет етеді.