БҚО-да 140-қа жуық кәсіпкер әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

БҚО-да 140-қа жуық кәсіпкер әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз көтерген bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 7 желтоқсан, 2024

62-сі сөредегі баға мен кассадағы бағаны әртүрлі етіп көрсеткен

Батыс Қазақстан облысында сауда талаптарын бұзған 209 кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалды. Оның 138-і әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз көтерген, деп хабарлады облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы бойынша 209 іс қозғалды. 138 кәсіпкерлік субъектісі әлеуметтік маңызы бары азық-түліктің бағасын қымбаттатқан. 62 кәсіпкерлік субъектісі сөреде тұрған баға мен кассадағы бағаны әртүрлі етіп көрсеткен, - дейді БҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматова.

Сауда талаптарын бұзған 14 сауда орнына айыппұл салынды.