Ақ картина аукционда 1 миллион еуроға бағаланды
Сарапшылар өнер туындысының әп-сәтте сатылып кететініне сенімді
Германиядағы аукционда ақ картина 1 миллион еуроға бағаланды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
1 миллион еуроға бағаланған ақ картинаның авторы – америкалық марқұм суретші Роберт Райман. Ол General 52 деп атаған бұл туындысын әлемге алғаш рет 1970 жылы көрсеткен.
Ақ кенепті бос деп айтуға келмейді. Райман мақта матаға эмаль бояуын жаққан. Өнертанушылар автордың осылайша қарапайымдылықтың шынайы бейнесін көрсеткісі келгенін айтады.
Аукционда қомақты ақшаға бағаланған ақ картинаны әлі ешкім сатып ала қойған жоқ. Десе де сарапшылар өнер туындысының әп-сәтте сатылып кететініне сенімді.
Райманның басқа жұмыстары да минимализмге бағытталған. Картондағы түссіз кескіндер аукционға үш рет қойылды. Картиналардың сынғыштығына байланысты, олар ұзақ уақыт бойы өнерді бағалай алатын адамдарға көрсетілмеді. Бірақ соған қарамастан, адамдар өнер туындыларын 19 миллион еуроға сатып алуға дайын болды.