Бес түрлі азық-түліктің импортына әлі тәуелдіміз
Қант қызылшасы рекордық көлемде жиналғанмен, оны өндіретін зауыт қажет
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанға импортталатын азық-түлік тауарларын атады.
Оның айтуынша, бүгінде 5 тауар түрі бойынша импорттық тәуелділік бар. Олар – құс еті, шұжық өнімдері, балық, қант, ірімшік пен сүзбе.
Сондай-ақ ол биыл қант қызылшасы рекордық көлемде жиналғанын еске салды. Бірақ бәрін өзімізде өңдеу үшін жаңа зауыт салу қажет.