Доллар бағамының өсуі: қазір депозитке ақша салғандарға шығын өтелмейді
Мемлекетте қаржы ресурстары шектеулі, - дейді Ұлттық банк төрағасы
Сенаттың пленарлық отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгінде депозиттер бойынша мөлшерлемелердің жоғары екенін айтты.
Осы орайда ол 2022 жылы депозиттерге компенсация ұсынылғанмен, қазір оның мүмкін емес екенін алға тартты. Сонымен қатар ол уақыттағы геосаяси жағдайлардың басқа болғанын атап өтті.
Ұлттық банк төрағасының пікірінше, қазір депозит бойынша мөлшерлемелер жеткілікті деңгейде жоғары.