Бұқара

ШҚО-да шенеунік 32 млн теңгеден аса заңсыз сыйақылар алған

Сондай-ақ ол 2 бөлмелі пәтер сатып алып, оны жасыру мақсатында анасына ресімдеген

Қаржы мониторингі агенттігінің ШҚО бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ филиалы Өскемендегі мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

2023 жылдың ақпан-қазан айлары аралығында күдіктінің жүргізуші куәлігін алу үшін жол қозғалысы ережелерінен теориялық емтихан тапсырған азаматтардан заңсыз сыйақы алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Тергеу барысында күдіктінің банктегі жеке шотына мобильді қосымша арқылы сыйақы алғаны белгілі болды. Мұндай кірістер құқық қорғау органдарында күдік тудыруы мүмкін екенін түсініп, олардың шығу тетігін жасыру мақсатында күдікті сол банктегі шоттары арасында бірнеше рет аударым жасаған.

Сонымен қатар тәркілеуге жол бермеу мақсатында күдікті соталды. Тергеп-тексеру басталғаннан кейін ол аталған пәтерді сатып алу-сату шарттары бойынша үшінші тұлғаларға тіркеген.

Сот үкімі бойынша күдікті кінәлі деп танылды. Оған қылмыстық жолмен алынған 19,5 миллион теңге болатын Өскемендегі 2 бөлмелі пәтерді мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.