Билік

«Штрафстан» жасап жатқан сияқтысыздар - Перуашев жаңа заң жобасына қарсы

Дүкенші тауарының бағасын көтеру арқылы айыппұлын тұтынушыларына төлеткізеді, - дейді депутат

Мәжілісте «Ақ жол» партиясының депутаты Азат Перуашев елдегі айыппұлдарға қатысты мәселе көтерді. 

Бұл ретте депутат түрлі заңбұзушылықтар үшін кәсіпкерлерге онсыз да жоғары болатын айыппұлдарды тағы да көбейтуді көздейтін заң жобасын сынға алды. Айтуынша, осы заң жобасын талқылау барысында «Ақ жол» партиясының фракциясына 2 мыңнан аса кәсіпкерден өтініш түскен. Олардың барлығы айыппұлдардың шектен тыс екеніне шағымданып отыр.

Сондай-ақ ол мұндай артық айыппұлдар сөзсіз бағаның өсуіне әкеп соғатынын, соның салдары тұтынушыларға кері әсерін тигізетінін айтты.

Осы орайда Азат Перуашев шенеуніктерді шағын және орта бизнестің қалай жұмыс істейтінін түсінбегені үшін сөгіп, «Ақ жол» партиясының айыппұлды 3-5 есе азайтуға бағытталған бірнеше түзетулерін ұсынды. Бірақ әріптестерінің көбі ол өзгерістерді қолдамады.