Петропавлда қоқыс таситын жүргізушілерге жоғары жалақы төленеді
«Мюльсервис» компаниясы да көлік жүргізушілеріне жоғары жалақы ұсынатынын хабарлады
Петропавлда көп жылдан бері қоқыс шығару мәселесі шешілмей келе жатыр. Қала әкімдігі қоқыс шығаратын мердігерлерден осы мәселені шешуді талап етті.
Осыған орай қоқыс таситын көлік жүргізушілеріне 350 мың теңге жалақы ұсынылып отыр.
Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде «Коммунсервиске» қоқыс шығаратын көлік жүргізушісі керектігі, оған 350 мың теңге жалақы ұсынылатыны туралы хабарландыру жарияланды.
Айта кетсек, одан бұрын қоқыс шығарумен айналысатын Мюльсервис компаниясы да көлік жүргізушілеріне айына 300 мың теңге жалақы ұсынатынын хабарлаған болатын.