Қазақстан азаматтары Ресейдегі құлдықтан әрең құтылған
«1 миллион теңгеге дейін жалақы береміз» деген жарнама жалған болып шыққан
Ресейде құлдықтан қашып шықтық деген бірнеше қазақстандық ел билігінен көмек сұрады, деп хабарлады 31 арна.
Өзге елде соққыға жығылдық деген отандастарымыз ақшасыз, құжатсыз Қазақстанға қайта алмай жүргендерін айтып, желіде жазба қалдырған.
Айтуларынша, 3 жігіт Ресейдің Железногорск қаласына жұмыс істеуге барған. Бірақ «1 миллион теңгеге дейін жалақы береміз» деген жарнама жалған болып шыққан. Оларды тегін жұмысқа жегіп, ешқайда шығармай қойыпты.
Құлдықтан қашып шықтық деген жерлестеріміз Мәскеуде жасырынып жүргендерін айтқан еді. Ал Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қазақстан азаматтарының елге аман-есен оралғанын мәлімдеді. Қазір жағдай реттелген, алаңдауға негіз жоқ көрінеді.