Бұқара

«Қазақтелеком» филиалының директоры мен қызметкерлері 450 млн теңге жымқырған

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды

Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ филиалы – сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкері мемлекет мүддесіне қайшы іс-әрекеттерге барған. Сонымен қатар, басшылық Тараз қаласындағы қоғамның әкімшілік ғимаратын төмен бағамен сатқан.

Олардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 450 миллион теңгегеден аса сомаға материалдық залал келтірілді.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу әлі жалғасады.