«Байыса, қазақ байысын»: Дариға Бадықова «Моанаға» барғандарға өкпелі

«Байыса, қазақ байысын»: Дариға Бадықова «Моанаға» барғандарға өкпелі instagram.com/dariga_badykova
bai-bol.kz bai-bol.kz | 2 желтоқсан, 2024

Ақшаны бөтен елге жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс, - дейді ол

Белгілі актриса Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында халыққа үндеу жасап, өзінің ренішін жеткізді.

Айта кетсек, таяуда оның өзі продюсер болған «Таптым-ау сені 2» фильмі жарыққа шыққан болатын. Сонымен қатар, голливудтық «Моана» мультфильмінің екінші бөлімі көрерменге қазақ тілінде жол тартты.

Анау мультфильмге барып, «позор» болып отырмайық. Ақшаны бөтен елге жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада «Моанаға» барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса, қазақ байысын, – деді актриса. 

Алайда желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, оның сөзіне қарсы шықты. 

«Әркімнің өз қалауы бар», «Дариғаның бір киносын көрген емеспін», «Осы сөзі үшін «Моанаға» барамыз», «Бас-аяғы жоқ кино екен», «Бәсекелестік болмаған сала дамымайды», «Мені байытыңдар деп отыр ма?» деп жазды көпшілік.

Кейін Дариға Бадықова «Моанаға» баратын қазақтарды не үшін сынағанын және жұртты оған бармауға не себепті шақырғанын толыққанды түсіндіруге тырысты.

«Балалар мультфильмге бармасын» деген жоқпын. Қысқасы, әңгіме өрбіген кезде Голливуд жайында айттым. Өзіміздің киноны Голливудпен салыстыру әбестік емес! Сондай ойда жеткізілді. Бұрмалаудың қажеті жоқ. «Өз елімнің киносына бармаңдар» деген жоқпын, кейбір кісілер сияқты. Мен қаным қызу адаммын. Есігіңнің алдындағы ит жаман десе де намыстанамын. Хейтерлерге тілерім, өмірлері тыныш, жақындары аман болсын! Жеті ұрпағына жететін жақсылық жасасын! – деді актриса.