Бұқара

Миллиардер 6,2 млн долларға сатып алған бананын жеп қойды (ВИДЕО)

Бұл туынды алғаш рет 2019 жылы Майами-Бичтегі Art Basel көрмесіне қойылған

Қытайлық криптокәсіпкер Джастин Сан аукционнан 6 миллион долларға скточпен қабырғаға жапсырылған бананды сатып алған болатын. Comedian деп аталатын ол концептуалды өнер туындысының авторы – италиялық суретші Маурицио Каттелан.

TRON криптовалюта платформасының негізін қалаушы Джастин Сан бананды сатып алғаннан кейін «бірегей көркем тәжірибенің» бөлігі ретінде жеуге ниетті екенін жариялады.

Көп ұзамай, миллиардер уәдесін орындап, жемісті қабырғадан алып, жеп қойған.

Comedian туындысы алғаш рет 2019 жылы Майами-Бичтегі Art Basel көрмесіне қойылған-ды. Сол кезде көрермендер арасында «Бұл шынайы өнер ме, әлде жай әзіл ме?» деген пікірталас туындаған.

Айта кетсек, Джастин Сан алғашқы ірі табысын Snapchat-тың қытайлық баламасы Peiwo қосымшасынан тапқан. 2014 жылы криптоқауымдастыққа қосылып, содан бері блокчейн жобаларымен айналысып келеді.