Әмиян

Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін несие қымбаттайды

Бизнес баяу дамиды, жаңа кәсіп ашу қиынырақ

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 15,25%-ға дейін көтерді. Оған бірнеше себеп бар. Соның ішінде теңгенің әлсіреуі бірінші орында тұр.

Ал осы базалық мөлшерлеменің көтерілуі дегеннің неге алып келуі мүмкін?

Сарапшылардың дәлелі:

  • несие қымбаттайды;
  • депозит бойынша сыйақы өседі;
  • коммерциялық ипотека өсіп, несие беру азаяды;
  • бизнес аз несие алып, іскерлік белсенділік төмендейді;
  • бизнес баяу дамиды, жаңа кәсіп ашу қиынырақ.

Қазірдің өзінде елімізде шағын және орта бизнес құру мүмкіндігі төмендеп, несиелік белсенділік пен тұтынудың да әлсіздігіне байланысты экономика баяулап қалған.