Қазына

Түркістан қаласында қолөнершілер қалашығы салынғалы жатыр

Жаңа қалашықта қонақүйлер мен ас үйлер болады

Түркістанның мәдени-рухани орталығында қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешен салынады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі жоспарға сәйкес, кешенде ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын және қолөнер технологиясын оқытатын ірі шеберхана салынғалы жатыр екен. Негізгі мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту.

Сондай-ақ жаңа қалашыққа қонақүйлер мен ас үйлер салынады. Көрме немесе Showroom орналасады.

Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту шаралары да жоспарланып отыр.