Билік

Доллардың қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер етпейді - Сүлейменов

Нарықты реттемейміз, - деп отыр Ұлттық банк төрағасы

Доллардың қымбаттауы азық-түлік бағасына қалай әсер ететінін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов түсіндіріп берді.

Журналистерге берген жауабында ол доллар бағамының өсуі азық-түлік өнімдерінің бағасына әсер етпейді деп сендірді.

Сондай-ақ ол нарықта «ойыншы» ретінде әрекет етіп, Ұлттық қордан трансферттер сататындарын алға тартты.