Әмиян

Депутат картадан картаға ақша аударуға комиссия ұстаудың халықты қанау екенін ескертті

Мұндай өзгерістер қаржы жүйесіне деген сенімімізді төмендетеді, - дейді ол

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексі жобасындағы бір өзгерісті сынға алды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Бұл ретте депутат бір картадан екінші картаға ақша аударсаңыз, комиссияның 150 теңгені қамтитынын еске салды. Бірақ егер Салық кодексінің жаңа жобасында ұсынылған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12% қымбаттауы мүмкін.

Яғни, Ұлттық экономика министрлігі барлық төлем операцияларына қосымша құн салығын енгізуді жоспарлап отыр. Пластикалық карталарға қызмет көрсету, картадан картаға, шоттан шотқа аудару, аударымдар мен банк қызметтері айтарлықтай қымбаттауы ықтимал.

Оның айтуынша, бюджет тапшылығы проблемасын төмендегіше шешу қажет:

  • басым емес шығыстарды қысқарту;
  • бюджетті неғұрлым ұтымды пайдалану;
  • үстеме табыс алатын салалар үшін жеңілдіктерді жою;
  • салықтарды арттыру.