СҚО-да тұтас бір отбасы жеңгетайлықты бизнеске айналдырып алған
Осы қылмыстың басында тұрған ерлі-зайыптылар бұрын да істі болған
СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан бүтін бір отбасы және оларға көмек көрсеткен 50 жастағы ер адам сотталды, деп хабарлады stan.kz.
Атап айтқанда, СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесі, анасы және олардың 19 жастағы қызы мен отбасына көмек көрсеткен 50 жастағы ер адам сотталды. Процесс жабық жағдайда өтіп, журналистер тек үкім оқылған кезде ғана қатыстырылды.
Айыпталып отырған отағасы Леонид Шегольков осыған дейін де істі болған. Ол 2008 жылы Алматы облыстық сотының үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылып, 2021 жылы мерзімінен бұрын босап шыққан.
Оның әйелі Анастасия Шеголькова да Петропавл қалалық сотының үкімімен 2022 жылы жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық жасағаны үшін 4,6 жылға шартты түрде сотталған. Осы жолы да ол тура сондай қылмыс жасаған. Алайда жазадан құтыла алмады.
Леонид Шегольков та осы баптар бойынша кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның да мүлкі тәркіленіп, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Үкімді естіген Романов өзін бірден жайсыз сезініп, орындыққа отыра қалды. Ал осы уақытқа дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүрген Элля Шеголькова сот залында қамауға алынды. Ал оның 1 жасар қызын Қызылжар аудандық қорғаншылық және қамқорлық органдарына тапсыру ұсынылды. Мұны естіген ол көз жасына ерік берді.
Ал ерлі-зайыпты Анастасия мен Леонид Шегольковтардың қылмысын жеңілдететін жайттар анықталмады. Оның үстіне сот үкім шығарарда олардың бұрын ауыр қылмыс жасап, істі болғандығын ескерген.
Сот үдерісі аяқталған соң Леонид Шегольков жәбірленушілерді балағаттап, шу шығарды.