Бұқара

«Шығынын қонақтар жапты»: алматылық белсенді итінің 4 жасын тойлады (ВИДЕО)

Мұндай той өткізудің ешқандай сөкеттігі жоқ, – дейді иттің иесі

Желіде итінің 4 жасын дүбірлетіп атап өткен алматылық сынға ұшырады. Үй хайуанатының «мерейтойына» ит-мысық қана емес, олардың иелері де қатысқан.

Той төріне тақия мен қазақы шапан киіп шыққан иттің аты – Майлыбек. Мерейтойдың кәдімгі тойдан еш айырмашылығы болмаған.

Тойға қожайыны 40-қа жуық адам шақырған. Олар итке тілек жаудырып, кеш көрігін қыздырған. Ал ас мәзірінде тек адамдарға емес, ит-мысыққа арналған тағамдар да болған.

Мәліметтерге сәйкес, бұл мерекені белсенді Темірлан Тоспаев ұйымдастырған. Осылайша, ол бұралқы иттерге қамқорлық көрсету ниетінде қайырымдылық шарасын өткізген көрінеді. Белсенді итінің туған күнін бұған дейін де тойлап келген.