Сөре

Бразилияда кофе қорының күрт азаюы Қазақстандағы бағаға да әсер етеді

Жағдай әлемге әйгілі кофенің брендтеріне де әсер етіп үлгерген

Қазақстанда кейбір кофе сорттарының бағасы қымбаттауы мүмкін. Арабика бағасы 1997 жылдан бері алғаш рет 3% өссе, қолжетімді робуста сорты 1970 жылдардан бергі ең жоғары деңгейге жеткен.

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Бразилияда кофе қоры маусым айының соңында 1 миллионнан аса қапқа дейін азаюы мүмкін. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 26% төмен. Осы жағдай әлемге әйгілі кофенің брендтеріне де әсер етіп үлгерген. Қазақстандық кофе тұтынушылар да сүйікті сусындарының қымбаттауын сезінуі мүмкін деп болжайды мамандар.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтің айтуынша, кофе бағасы жеткізушілердің жасасқан келісімшарттарына байланысты болады.