Әмиян

Елімізде 945,7 мың теңге зейнетақы алатын адам бар

Ал БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем – 33 865 теңге

Елімізде зейнетақысы ең көп адамның айына қанша теңге алатыны белгілі болды. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, жоғары зейнетақы – 945 752 теңге.

Айта кетсек, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 1 қарашасында 20,7 трлн теңгеден асқан.

БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем 33 865 теңге болса, ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы  945 752 теңге.