Депутат Құлыбаевтың қанша мұнай компаниясын иеленіп алғанын айтты
Тойым қайда? Қанағат қайда? Халыққа да бірдеңе қалдыру керек қой! - дейді ол
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Үкіметтен мұнай саласындағы тиімсіз сауда-саттықты тоқтатуды талап етті.
Оның айтуынша, Қазақстанның мұнайы мен мұнай өнімдерін сыртқы нарықта шетелдерде тіркелген әртүрлі компаниялар саудалайды. Оны журналистердің халықаралық тексеру консорциумы да растап отыр.
Оның айтуынша, Vitol сауда-трейдерлік компаниясының иесі – олигарх Тимур Құлыбаев.
Бүгінде мұнай СВОП сауда тәртібі бойынша шекараға дейін ішкі қазақстандық нарықтың бағасымен сатылады да шекарадан ары қарай мұнайдың әлемдік бағасы бойынша саудаланады. Екі арада маржа шет елдерде тіркелген трейдердің пайдасына түседі немесе офшорлар мен шетелдік банктерде қалып қояды.