Табыс

Жас кәсіпкер өзінің 300 млн теңге тұратын зәулім үйін оқырманына тегін бермек

Осы күнге дейін ешқандай дүние-мүлікті сатқан емеспін. Достарыма үйімді сыйлап жіберген кезім болды, - дейді өзі

Жас кәсіпкер әрі блогер Дархан Жолшыбеков өзі тұрып жатқан баспанасын бір оқырманына сыйлауға дайын.

Еске сала кетсек, ол жақында ғана бір көпбалалы анаға баспана сыйлаған болатын. 

Сондай-ақ ол өзінің айына қанша теңге табатынын да жасырып отырған жоқ. Ел алдында кәсіпкерлердің ішіндегі қолы ашық, жүзі жарқыны болып тұр қазір.