Метро басшылығы салық шығындарын кәсіпкерлерге төлеттіріп алған
Прокуратура оларға 12,5 млн теңгені қайтарып берді
Алматы қаласының «Метрополитен» ШЖҚ КМК салық шығындарын сауда алаңдарын жалға алушылар есебінен өтеуге шешім қабылдап, сол үшін кәсіпкерлерді қосымша келісімдер жасауға мәжбүрлеген, деп хабарлады Orda.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, бұл заңсыз әрекеттен 11 кәсіпкер зардап шеккен. Оларға 12,5 млн теңге қайтарылды.