Табыс

«Блокчейн мектебі» криптовалюта тақырыбындағы алғашқы тегін курсын өткізе бастады

Оған тиісті лицензиясы бар білікті сарапшылар атсалысады

Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дерек-орталықтар қауымдастығы өзінің «ҚБТҚ Блокчейн мектебі» атты жаңа білім беру жобасының іске қосылғанын хабарлады, деп жазды Halyq Uni.

Жоба криптовалюталар мен блокчейн саласындағы білімін тереңдетуге, сондай-ақ саланың жетекші сарапшыларынан сапалы білім алуға ұмтылатындардың бәріне тегін оқыту мүмкіндігін ұсынады.

ҚБТҚ мүшесі CaspianEx Academy тегін курсы «ҚБТҚ Блокчейн мектебі» базасында өткізілетін алғашқы курс болады. Тиісті лицензиясы бар білікті сарапшылар қатысатын бұл курс цифрлық активтердің (криптоактивтердің) базалық техникалық талдауын үйретуге бағдарланған.

«ҚБТҚ Блокчейн мектебіндегі» оқытудың артықшылықтары CaspianEx практиктерінің қатысуымен онлайн-форматта криптовалюталар әлеміне терең бойлауды, криптоактивтерге инвестициялаудың практикалық дағдыларын игеруді, CaspianEx сарапшылары мен басқа да танылған мамандардың құнды инсайттарын, сондай-ақ CaspianEx Academy қатысушы сертификатын беруді қамтиды.

Еске сала кетсек, курс биыл 5 наурызда басталған.