Шаруаларға енді субсидия берілмейді
Бұрын субсидия болмаған жағдайда фермерлер банк немесе қаржы институттары арқылы үшжақты шарт жасайтын
Енді бұған дейін фермерлерге беріліп келген субсидия алынып тасталады. Оның орнына шаруаларға 5 пайыздық несие берілмек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.
Бұрын субсидия болмаған жағдайда фермерлер банк немесе қаржы институттары арқылы үшжақты шарт жасап, 22 пайызын төлеуге мәжбүр болған еді. Енді келісім тек екі жақтан болады. Бұл несие алу үдерісін жеңілдетуі мүмкін.
Ал Үкімет резервінен астыққа 10 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 150 мың тонна сатып алынбақ. Сондай-ақ еліміз келесі жылдан бастап Гонконг пен Вьетнамға бидай сатуды жоспарлап отыр.
Осы орайда Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов инспекторларды Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына қайтаруды ұсынды.