Сөре

Ел ішінде 43 өнім түрін сатуға тыйым салынды

Тексеріс нәтижесіне сәйкес, 69% бұзушылық анықталған

Қазақстанда 43 өнім түрін сатуға тыйым салынды. Бұл туралы Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті хабарлады.

«Сапалы өнім» жобасы аясында жүргізілген зерттеу 1 423 түрлі азық-түлік және тұрмыстық химия өнімдерінің үлгілерін қамтыды. Тексеріс нәтижесіне сәйкес, 69% бұзушылық анықталған. Өнімдердің көп бөлігі таңбалау талаптарына сәйкес келмейді. Ал үлгілердің 17%-ында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған болып шықты.