Бұқара

Кәсіпорын басшылары бизнес жүргізуге басты кедергілерді атады

Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға қолжетімділік 9-орында (13,8%) тұр

2024 жылдың III тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг нәтижеcі туралы ҰБ АКСД директоры Рүстем Оразалин түсінік берді, деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Жалпы экономикада сатылымның орташа рентабельділігі (пайызды, салықты және амортизацияны төлеудегі шығысты шегергенге дейін) 24,3%-ға дейін ұлғайып, орташа тарихи нормадан жоғары қалыптасты.

Кәсіпорын басшылары бизнес жүргізудегі басты кедергілерді де атап өтті. Ол – әдеттегідей экономиканың жай-күйі (28,8%), салық деңгейі (28,5%) және нарықтағы бәсекелестік (29,4%). Өзге кедергілер арасында білікті кадрлардың тапшылығы (26,8%), сатып алушыларды іздестіру (24,5%), лицензия/рұқсат алудағы қиындық (17,0%), дебиторлық берешекті қайтарудағы қиындық (14,2%) бар. Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға қолжетімділік 9-орында (13,8%) тұр.

Нақты сектор кәсіпорындарында жүргізілген сауалнаманы біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) нақты секторда экономикалық белсенділік біршама жақсарғанын көрсетті. КОИ 100,3-ке дейін өсті. III тоқсанда сауалнамаға 3 438 кәсіпорын қатысты.