Абай облысында кәсіпкерлерге 2 млрд теңге несие заңсыз берілген
Аталған заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді
Абай облысында аграрлық компанияларға несие беру кезінде заңбұзушылықтарға жол берілген.
Жоғары аудиторлық палатаның ақпаратына сәйкес, өңірде биыл мамырда өткен аудит барысында ауыл шаруашылығы жобаларын іріктеу жөніндегі комиссия екі қарыз алушыға («Қалиханұлы» шаруа қожалығы және «Өрнек» ЖШС) жалпы көлемі 2 млрд теңге кепілдік болмағанына қарамастан, несие беру туралы шешім қабылдағаны анықталған.
Ведомство өкілдері аталған заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берді.
Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы орындалып, бақылаудан алынды.