Табыс

Туабітті көз ауруына шалдыққан жігіт миллиондап табыс тауып жүр (ВИДЕО)

Қазір ол ЖОО-да журналист мамандығы бойынша білім алып жатыр

Туабітті көз ауруына шалдыққан шымкенттік 22 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы миллиондап табыс тауып жүр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Телеарна мәліметінше, Бекжан Нұрадин видеохостингке контент жасайды. Тіпті танымал арналарға техникалық қолдау көрсетеді. Елге белгілі әншілердің интернеттегі парақшаларын жүргізіп, кинокомпаниялардың өнімдеріне қаралым жинауға көмектеседі. Сонымен қатар өз білгенін өзгелермен бөлісіп, тренингтер ұйымдастырады.

Зағип болса да заман сұранысына бейімделген жас маман қазір жоғары оқу орнында журналист мамандығы бойынша білім алып жатыр. Келешекте өзі сияқты тағдыр тауқыметін тартқан жандардың жігерін жанитын арнайы репортаждар мен көркем фильмдер түсіргісі келеді.