Табыс

Министрлік мотор майлары саласының өкілдеріне жәрдемдесуге кірісті

Пилоттық жобаға қатысушылар өз бизнесі мүддесін қорғауға үлес қоса алады

Энергетика министрлігі «Атамекен» ҰКП және «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, мотор майларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асырып жатыр.

Пилоттық жобаға нарықтың барлық қатысушылары – өндірушілер мен импорттаушылардан бастап, көтерме-бөлшек сауда сегментіндегі компанияларды қосу жоспарланған.

Мұдағы негізгі мақсат:

  • мотор майлары нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
  • тұтынушылар үшін мотор майларының шығу тегі туралы ақпараттың айқындылығы мен сенімділігін жақсарту;
  • өнім айналымын бақылау және контрафактілік өніммен күресу тиімділігін арттыру;
  • отандық өндірісті дамытуға және мотор майлары саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу;
  • ЕАЭО-дағы трансшекаралық сауда шеңберіндегі кедергілерді жою.