Салықтан жалтару үшін өзін банкрот деп жариялаған кәсіпкер жазаланды
Салық берешегін өндіріп алу бойынша шаралар қабылданып жатыр
Жамбыл облысында кәсіпкер салықтан жалтару мақсатында өзін банкрот деп жариялаған.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, аудандық соттардың шешімдерін зерделеу барысында жалған банкроттыққа әдейі жеткізуге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі тоқтату фактісі анықталған.
Енгізілген прокурорлық ден қою актісінің негізінде 5 қыркүйекте Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, оған ӘҚБтК-нің 182-бабы 1-бөлігі бойынша 738 400 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындаумен кінәлі деп таныды.
Қазір салық берешегін өндіріп алу бойынша шаралар қабылданып жатыр.