Сөре

«Қазақстанда жасалған» белгісін импорттық тауарларға жапсырып жүргендер бар

Мәселені шешу үшін Үкімет отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін әзірлеп жатыр

Премьер-министр Олжас Бектенов шағын және орта бизнес форумында Үкіметтен мемлекеттік қолдау алып, бірақ  өндіріспен нақты айналыспай отырған компаниялармен қалай күресуді жоспарлап отырғанын айтты.

Мәселені шешу үшін Үкімет отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін әзірлеп жатыр. Мақсат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен адам факторын жою. Бұдан былай компаниялар қызметіне ашық талдау жасау және нақты өндірушілерді анықтау қолға алынады.

Сонымен қатар, ол 10 триллион теңгеден аса инвестиция тартуды көздейтін энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртудың жаңа ұлттық жобасын жариялады. Айтуынша, бұл отандық тауар өндірушілерге үлкен мүмкіндік ашып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды барынша пайдалануды қамтамасыз етеді.