Таиланд мейрамханасына тұтынушы 3 млн теңгедей ақша төлеп кеткен
Көптеген адам бай тұтынушыны табуға септесіп, жазбаны бөлісіп жатыр
Таиландта әйгілі мейрамхана қызметкерлері нақты есепшоттағы 2 000 баттың орнына абайсызда 200 000 баттан аса (3 миллион теңгеге жуық) аудара салған тұтынушыны іздеп жатыр.
Мейрамхана Facebook желісінде тұтынушыға арнап жазба жариялады.
Біз Neua Luan Luan мейрамханасының Ratchaphruek филиалында кешкі сағат 19:50-де тамақтанған тұтынушыны іздейміз. Ол 200 000 бат артық сома аударған. Бұл хабарламаны көрсеңіз, бізге электронды пошта арқылы немесе 095-527-8298 нөміріне қоңырау шалыңыз. Рақмет сізге! - деп жазды олар.
Пост аса қызығушылық тудырып, көптеген адам бай тұтынушыны табуға көмектесу үшін жазбаны өз парақшаларында бөлісіп жатыр.
Бұл ретте нақты есепшот 2 020,91 бат болған. Бірақ тұтынушы ақша аудару кезінде қателесіп, 202 091 бат жіберген. Енді мейрамхана қызметкерлері банкке хабарласып, оның қызметі арқылы жағдайды шешуге тырысып жатыр.