Петропавл дүкендеріндегі «халал» өнімнен шошқа ДНҚ-сы анықталды
Бұл – өнім берушінің адал еместігінің дәлелі
Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы Петропавлдағы дүкендерден алынған жылқы етінен жасалған консервілерден шошқа ДНҚ-сы табылғанын хабарлады.
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы Петропавлда «халал» деп көрсетілген үлгілерден сәйкессіздіктер мен шошқа ДНҚ-сын анықтады.
Қоғамдық ұйымның сарапшысы Жанна Биятанның айтуынша, мемлекеттік стандарт бойынша жылқы етінен жасалған консервілерде тек жылқы еті, май және дәмдеуіштер болуы керек.