Табыс

Nissan 9 мың адамды жұмыстан шығарып, өндірісті бәсеңдетті

Компания әлемдік өндіріс қуатын 20% қысқартатынын мәлімдеді

Жапонияның Nissan Motor компаниясы шығындарды үнемдеудің түрлі шарасын қарастырып жатыр. Осылайша, 9 мың қызметкерді қысқартуға тура келген.

Nissan Motor компанясы биыл екінші жыл қатарынан өзінің толық жылдық болжамын қысқартып, Қытай сияқты ірі нарықтардағы қиындықтармен күресіп жатыр.

Бұл ретте автокөлік өндіретін компания әлемдік өндіріс қуатын 20% қысқартатынын мәлімдеді.

Ixbt басылымының мәліметінше, компания жылдағы операциялық пайда болжамын 974,98 миллион долларға дейін төмендеткен. Шілде-қыркүйек кезеңіндегі операциялық пайда былтырғымен салыстырғанда 85%-ға кеміді.