BMW компаниясының да табысы төмендеді
Компанияның Қытай нарығындағы жағдайы қиын болып қалмақ
Немістің автоөндіруші BMW компаниясының 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы табысы 61%-ға төмендеді. Оған Қытайдағы әлсіз сатылым мен бірқатар модельдегі техникалық ақаулар себеп болған. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
BMW үшінші тоқсанда 1,7 миллиард еуро пайда тапқанын мәлім етті. Ал былтырғы сәйкес кезеңде кіріс 4,35 миллиард еуро болған.
Сарапшылар операциялық пайдадан 1,8 миллиард еуро күткен. Топ акцияларының саудасы 3%-ға төмен ашылды. Компания енді Қытай нарығындағы жағдайдың қиын болып қалатынын жасырмады.
Агенттік мәліметінше, қыркүйекте BMW тежегішінде ақау пайда болған. Сол себепті көлік кері қайтарылып, бұл жағдай 1,5 миллионнан аса көлікке әсер еткен. Сонымен қатар компания шамамен 320 мың автокөлікті жеткізудің кешіктірілгенін атап өтті.
30 қазанда Financial Times (FT) неміс автоөндірушісі Volkswagen-нің (VW) тоқсандық таза кірісі Қытайдағы сату көлемінің төмендеуіне байланысты 64%-ға төмендегенін хабарлады. Ал шілдеден қыркүйекке дейін ол компанияның таза пайдасы 1,57 миллиард еуроға дейін төмендеген (былтырғы көрсеткіш – 4,34 миллиард еуро). Автоконцерннің кірісі 78,5 миллиард еуроға дейін (0,5%-ға) азайған.
Компания 2024 жылы операциялық кірісті шамамен 18 миллиард еуро болады деп болжайды. Бұл 5,6% пайда маржасына сәйкес келеді.
Өткен жылдың тоғыз айында Қытайдағы көлік сатылымы жергілікті брендтердің бәсекелестігі салдарынан 12%-ға төмендеді. Батыс Еуропада да сату көлемі 1%-ға төмендеді.
22 тамызда BMW алғаш рет Еуропадағы электромобильдер сатылымы бойынша Tesla-ны басып озғаны белгілі болды. Сарапшылар 2024 жылдың шілде айындағы деректерді есептеп шықты. Олардың айтуынша, BMW электромобильдерінің Еуропалық Одақтағы сатылымы шамамен үштен біріне өсіп, 14 мың 869 дана болды. Осы кезеңде Tesla сатылымы 16%-ға төмендеп, 14 мың 561 дана болды.
Tesla жыл басынан бері жеткізілімдер бойынша көшбасшы болды, яғни 178 мың 700 бірлік BMW 97 мың 525-ке қарсы.