Зейнетақы жинақтарын шоттан шешіп алу қартайғанда алатын төлемге әсер етеді
Сарапшылар артық ақшаны алатын кезде ақылмен ойлануға кеңес берді
Зейнетақы жинақтарын шотынан үнемі алып отыратын қазақстандықтар қартайған шағында ең төменгі төлем алуы мүмкін, деп хабарлады 31 арна.
Бірінші жартыжылдықта ел азаматтары тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін айына шамамен 16-26 миллиард теңге алып отырған.
Сарапшылардың пікірінше, кейбір қазақстандықтар тек бүгінімен өмір сүреді. Бұл әдеттің кейін қосымша жинақтардың мүлде қалмауына әкеп соғуы мүмкін. Дегенмен көбі «қауіпсіздік көпшігіне» алаңдап, зейнетақы жарналарын жасайды.
Сарапшылар артық ақшаны алатын кезде ақылмен ойлануға кеңес берді. Айтуларынша, көптеген тұрғын инфляция жинаған ақшасын жойып жібереді деп ойлап, қаржысын денсаулығын жақсартуға немесе баспана сатып алуға жұмсайды. Бұл жағдайда инвесторлардың жасы мен тәжірибесі де маңызды рөл атқарады.
Заң зейнетақы төлемдерінің белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауына кепілдік береді. Ал БЖЗҚ сайтында жинақтарды болжау және жоспарлау үшін қазақстандықтар «Зейнетақы калькуляторы» мен «Жеке зейнетақы жинақ жоспарын» пайдалана алады. Бұл қызметтер зейнетақының болжалды мөлшерін бағалауға мүмкіндік береді.