Қазақстаннан Мәскеуге жеткізілген бренд күртешелерде қандала жүр

Қазақстаннан Мәскеуге жеткізілген бренд күртешелерде қандала жүр Mash.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 5 қараша, 2024

Күртешелер әлі сатылымнан шығарылған жоқ

Қазақстаннан Мәскеуге жеткізілген Guess бренді күртелерінің ішінен қандалалар шыққан. Бұл күртешелерді өндіруші – Қытай.

Мәскеудегі «Афимолл» сауда орталығына Қазақстаннан қандалалары бар Guess күртешелері келді. Біреуінің бағасы 20 мың рубльден басталады. «Сасық қоңыз» деп аталатын орман қандалалары жәшіктерден құлап түсті. Киім Мәскеуге Қазақстаннан келді, бірақ бәрі қытайлық өндірушіні кінәлап жатыр, - деп жазды Mash.ru.

Күртешелер әлі сатылымнан шығарылған жоқ. Сауда министрлігі күрте өндірушімен тікелей байланысуға кеңес берді.

Сауда және интеграция министрлігінің шекарада өткізу пункті жоқ, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Guess – америкалық бөлшек сауда компаниясы және ерлер мен әйелдер киімдерінің, аксессуарлардың, сағаттардың, зергерлік бұйымдардың, хош иістер мен аяқкиімдердің бренді. Компания әлемнің көптеген елінде жұмыс істейді, бірақ олардың дүкендерінің көбі АҚШ пен Канадада орналасқан. Guess компаниясының Оңтүстік Америкада, Еуропада, Азияда, Африкада, Аустралияда, Латын Америкасында және Таяу Шығыста дистрибьюторлары бар.

Guess дүкендері қазақстандық сауда және ойын-сауық орталықтарында да ұсынылған.